АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Үкіметтің қаулысымен Нұржан Әлтаев Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.
Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы – Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, экономист.
Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2014 жж. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын», Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды.
2014 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.