АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Алдағы күндері қар жайып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын тудырған суық фронттар кезекті циклонмен суық арктикалық және жаңа арктикалық фронттарды алып келеді", — дейді синоптиктер.
Осының ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Солтүстік облыстарда қар жуып, қатты жел және көктайғақ болады. Ал еліміздің оңтүстігінде жаңбыр аралас қар түсуі ықтимал.
Қазгидрометтің хабарлауынша, температура әр түрлі өзгереді, бірақ климаттық нормадан 3…5 С жоғары болып қалады.