АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Қарағандыда өрт сөндіру кезінде ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Қарағанды Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.
23-ші шағын аудандағы өрт туралы хабар 03.31-де келіп түскен.
Өрт сөндірушілер жеткен кезде, 15 шаршы метр жер өртеніп жатады. Олар 40 адамды, оның ішінде жетеуі бала, қауіпсіз жерге шығарды. Өрт 03.59-да ауыздықталып, 04.15-те сөндірілді. Оқиға орнында ер адамның денесі табылды, оның кім екені анықталуда.