Саясат

Әкімдер полиция департаментінің басшысын тағайындау құқығына ие болады

© SputnikПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметі біріктірілмек

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Мәжіліс депутаттары ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Заң жобасы ішкі істер органдарының жүйесін жетілдіруге және құқық бұзушылықтар профилактикасы мен тұрмыстық және рецидивтік қылмысқа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етумен байланысты шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған", — деп атап өтті заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров. 

Оның айтуынша, жаңадан құрылған бөліністі полиция департаменттері деп қайта атай отырып, ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметін біріктіру көзделген.

Нұрлан Сауранбаев (сол жақта) Шымкент әкімі болып  тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттің жаңа әкімі тағайындалды

"Ішкі істер министрлігіне бағыныстылықта полиция департаменттерін ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесінде сақтау қарастырылады", — деді ол. 

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың әкімдеріне құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының басшылығының президенттік резервінде тұрған полиция қызметкерлері қатарынан ішкі істер департаменттерінің ұсынымы бойынша полиция департаменттері басшыларын тағайындау құқығын беру көзделген", — деп толықтырды депутат. 

Бұдан бөлек, әкімдерге полиция департаменттерінің алдында бүгінгі күні жергілікті полиция қызметінің құзыретіне жататын міндеттерді қою құқығын беру жолымен полиция жүйесін жаңғырту жоспарланып отыр. Заң жобасы аясында екі кодекс пен бес заңға өзгерістер енгізілмек.

Жаңалықтар
0