Бұл тізімге әртүрлі салада қызмет етіп келе жатқан танымал тұлғалар енді: саясаткерлер, шоу-бизнес өкілдері, технология саласы мамандары мен БАҚ өкілдері.
Бірінші орынды Германия канцлері Ангела Меркель иеленді.
Одан кейінгі екінші орында – Ұлыбритания премьері Тереза Мэй, үшінші орында – гранттарға 40 миллиард доллардан астам қаражат бөлген Мелинда Гейтс.
РФ Центробанкінің төрайымы Эльвира Набиуллина мен "Россия Сегодня" халықаралық ақпараттық агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньян да осы рейтингтен орын алды.
2017 жыл бойынша ең беделді ханымдарды Sputnik фотолентасынан тамашалай аласыздар.

1/12
© AFP 2024 / HANNIBAL HANSCHKE
Forbes журналы бойынша биыл әлемдегі ең беделді әйел болып Германия канцлері Ангела Меркель атанды. Ол рейтингте көш бастап тұр.

2/12
© AFP 2024 / Daniel LEAL-OLIVAS
Екінші орынды Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй иеленді.

3/12
© AP Photo / Photo by Evan Agostini
Үшінші орынды америкалық кәсіпкер әрі филантроп, Misrosoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтстің жары Мелинда Гейтс иеленді.

4/12
© AFP 2024 / ANGELIKA WARMUTH
Төртінші орында Facebook бас операциялық директоры Шерил Сэндберг.

5/12
© REUTERS / Yuri Gripas
Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард – рейтингте сегізінші орында.

6/12
© REUTERS / Eugene Hoshiko
19-орында – АҚШ президентінің қызы әрі кеңесшісі Иванка Трамп.

Королева Елизавета II – 26-орында.

49-орын – РФ Центробанк төрайымы Эльвира Набиуллина.

9/12
© AFP 2024 / ROBYN BECK
50-орында - әнші Бейонсе.

52-орын – RT телеарнасы және "Россия сегодня" ақпараттық агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньян.

11/12
© AP Photo / Mary Altaffer
65-орын – АҚШ президенттігіне үміткер болған Хиллари Клинтон.

12/12
© AFP 2024 / ADRIAN SANCHEZ-GONZALEZ
85-орын – Тейлор Свифт. 27 жастағы америкалық әнші тізімдегі ең жас тұлға.
