Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың көптеген облыстарында, синоптиктердің болжауынша, жел соғып, тұман, көктайғақ, боран болады

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болмақ. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, жел күшейеді – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында – тұман, күндіз кей жерлерде көктайғақ, төменнен соққан боран, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Павлодар облысында түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерлерде көктайғақ. 

Шығыс Қазақстан облысында түнде, Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Жаңалықтар
0