Қоғам

Мелдешов латын әліпбиіне көшу бойынша ұлттық комиссия қашан құрылатынын айтты

CC0 / / Клавиатура
Клавиатура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарашада жұмысшы тобының кезекті отырысы өтіп, латын әліпбиіне көшу бойынша ұлттық комиссияның құрамы бекітіледі

АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Бүгін Астанада өткен "Жаңа әліпби – жаңғыру жолы" атты дөңгелек үстелде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов жаңа әліпби бойынша ұлттық комиссия қашан құрылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрлік өкілі латын әліпбиіне көшу бойынша үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаев: ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғамның ұсыныстарын ескеруі қажет
"Қазір мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру жөніндегі жұмысшы топ жұмыс істеп жатыр. Оны Ерболат Досаев басқарады. Бұл мәселеге бей-жай қарап отырған ешкім жоқ. Бүкіл мемлекеттік органдар түгелдей қатысып отыр. Ол білім және ғылым министрлігі, әділет министрлігі, негізгі үйлестіруші – мәдениет және спорт министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар тегіс қатысуда", — деді ол.

Мелдешов латын әліпбиіне көшу жұмыстарын жүзеге асыру әзірге үш кезеңге бөлініп отырғанын айтты. 

"Бірінші кезең – 2018-2020 жылдар, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады. Екінші кезең – 2021-2023 жылдар аралығы, инфрақұрылым жасау жөніндегі шаралар. Үшінші кезең – 2024-2025 жылдар, бұл мерзімде ұйымдастырушылық жұмыстар іске асады. Бұл әзірге жоба, нақты қатып қалған кезең деп айту әлі ерте. Өйткені, 14-ші немесе 16 қарашада жұмысшы тобының кезекті отырысы өтіп, үкімет тарапынан латын әліпбиіне көшу жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы бекітіледі. Комиссия құрамына бүкіл мемлекеттік органның өкілдері, лауазымды тұлағалар, халықтың ортасында жүрген блогерлер мен елдің болашағына, әліпбиге жаны ашитын басқа да азаматтар тегіс жиналады. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүзеге асып жатыр", — деп түйіндеді Мелдешов.


Жаңалықтар
0