Өңірлер

Жамбыл облысындағы ауылға Назарбаевтың анасының есімі берілді

© Официальный сайт Президента КазахстанаНурсултан Назарбаев с матерью, архивное фото
Нурсултан Назарбаев с матерью, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халық қалаулылары да бұл игі бастаманы аналарымызға деген құрметтің белгісі деп біледі

АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс шақырылған 16-шы сессиясында «Қасық» ауылына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының есімін беру туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды Taraztv.kz.

Сессия барысында Қордай ауданындағы «Қасық» ауылын Әлжан ана атауына өзгерту туралы ұсыныс айтылды. Мұны депутаттар бір ауыздан қолдады. Себебі, Әлжан ана – Қазақстан Республикасының тұңғыш президентін дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Сондықтан, халық қалаулылары да бұл игі бастаманы барша аналарымызға деген құрметтің белгісі деп біледі.

 «Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасымен сәйкес келіп отыр. Жамбыл облысында елге үлгілі аналар ғұмыр кешкен. Әйел адамдардың орны ерекше», — дейді Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Масат Берік.

Депутат Мейрамбек Төлепберген де әріптесінің сөзін қоштады. Оның пікірінше, кез келген мемлекеттің ұлттық құндылықтары әйел баласын құрметтеуден басталады. 

«Бұл кісінің атына берілген ауылдың көркемдік сипаты ерекше әдемі болу керек. Алтын құрсақты анаға деген құрметті біз қолдаймыз. Өте орынды», — деп атап өтті ол. 


Жаңалықтар
0