"Семсер" шекара кемесі браконьерлерді тауып, соңынан қуған кезде, құқық бұзушылар тоқтамай, талаптарды орындамаған. Сол кезде шекарашылар әуеге оқ ата бастайды. Қайық тоқтаған соң, шекарашылар ішін тінтіп, жүздеген бекіре, салмағы центнерге жуық бір ақсерке және екі түлен тапқан.
Қару қолдану салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді.