АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Павлодар облысында кәсіпкер уәде бергендей, еріктілер тракторын табуға көмектессе, балалардың еміне 500 мың теңге аударатын болды, деп хабарлайды "Клуб Добряков Павлодара" қауымдастығы.
Топтың ақпаратына сүйенсек, Шербақты ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде А861ALD нөмірлі "Беларус" тракторы жоғалыпты.
Соңғы рет көлікті Павлодардан 26 шақырым қашықтықтағы Красноармейка елді мекенінде жанармай бекетінен көріпті.
Қожалық иесі "Клуб добряков Павлодара" тобының еріктілері тракторын тауып берсе, науқас балалардың еміне 500 мың теңге аударуға уәде берген екен.
Трактордың қайда екенінен хабардар жандар болса, келесі нөмірге хабарласып, ақпарат беруге болады: +7 701 798 1695.
