АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежіне қолын шығарып, бейәдеп қылық көрсеткен велосипедші әйел жұмыстан қуылды, деп жазады РИА Новости Huffington Post басылымына сілтеме жасап.
Вирджиния штатында президент Трамп гольф-клубынан қайтып келе жатқанда түсірілген сурет әлеуметтік желіде кең таралып, қолданушылар түрлі мемдер сала бастады.
Алайда екі баланың анасы, 50 жастағы Джули Бриксмэннің басшылығы оның бұл әрекетін қатал сынға алып, суретті әлеуметтік желідегі профиліне шығарып қойғанын айыптаған.