АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев Ұлттық банк құзырындағы валюталық бақылауды үкіметке беруді ұсынды. Оның пікірінше, сонда бұл процес айқындала түседі.
"Қазірде біз валюталық бақылауды Ұлттық банкке беріп қойдық. Ұлттық банк – осы операциялардың операторы. Осы операцияларға қатысып, реттеуші орган ретінде қызмет етеді. Ал енді оларға бақылауды да қайтарып бердік. Бұрын үкімет бұл қызметті өз мойнына алатын", — деді Өксікбаев мәжілістегі үкімет сағатында.
Оның айтуынша, бұл проблеманы шешетін уақыт келді.
"Үкіметтің бұл мәселеден не үшін қашқақтайтынын түсінбеймін. Үкімет валюталық бақылауды өз мойнына алуы тиіс, бұрын онымен қаржы министрлігі айналысатын", — дейді мәжіліс депутаты.
Үкімет валюталық бақылау қызметін өз мойнына алса, бұл процес "біршама айқындалып, нақтылана түседі", деп ойын түйіндеді депутат.