Видео

Алматылық қыз Украинаның "Дауыс" байқауында дүйім жұртты ғажап даусымен тәнті етті

Жазылу
Он жасар Данэлия Тулешова "Голос. Дети. Украина" байқауында әлемдік хитті жоғары деңгейде орындап, әділқазылардың жүрегін жаулап алды

Бүлдіршін америкалық әнші Деми Ловатоның Stone Cold атты танымал әнін орындап берген. Кішкентай қыздың ерекше дауысына тәнті болған әділқазылар ән аяқталғанша түрегеп тұрып, қошемет көрсетті.  

Ал Данэлия олардың ішінен жетекшісі ретінде Монатикті таңдады. Қуанышы қойынына сыймаған украин әншісі жеңсін тойлап, билей жөнелді.

Жаңалықтар
0