Спорт

Қазақстанның футбол федерациясы ребрендинг жүргізді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуДоп
Доп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Федерацияның атауы мен логотипі өзгертілді

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Қазақстан футбол федерациясы ребрендинг жүргізгенін жариялады – бұл шешім Астанада 12 қазанда өткен федерацияның  XV Конференциясы кезінде қабылданды.

Қабылданған шешімге сәйкес, Қазақстанның футбол федерациясы атауы мен логотипін өзгертті. 

© Photo : ҚФФ баспасөз қызметіҚазақстанның футбол федерациясының жаңа логотипі
Қазақстанның футбол федерациясының жаңа логотипі - Sputnik Қазақстан
Қазақстанның футбол федерациясының жаңа логотипі

"Логотиптегі федерацияның толық атауы KFF болып қысқартылып, енді халықаралық деңгейде қолдануға ыңғайлы әрі ықшам кейіпке енді", — делінген федерация хабарламасында.

Логотиптің түсі мен негізгі элементтері сақталған: қыран (егемендік нышаны),  доп (футбол) және күн (жарқын болашаққа сенім белгісі). 2017 жылдың соңына дейін жаңа үлгіге біртіндеп ауысу жүзеге асырылады.

Жаңалықтар
0