АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Жітіқара тұрғыны бірнеше күннен бері қалада қаңғырып жүрген түлкіні суретке түсіріп алыпты, деп жазады жергілікті "Алау" басылымы.
Қала тұрғындарының сөзіне сүйенсек, түлкі қала ішінде қаңғырып жүрген, бір жолы қала орталығындағы алаңда отырыпты.
© Photo : "Алау" басылымына куәгерлер ұсынғанТүлкі

Түлкі
© Photo : "Алау" басылымына куәгерлер ұсынған
"Өз бетімен жүгіріп жүр, адамдарға жоламайды. Сондада тұрғындар қорқады: қауып алуы мүмкін ғой, бәлкім, құтырған түлкі шығар. Оның шәуілдеген үнін естігендер бар", — дейді Жітіқара тұрғыны.
Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы жабайы аңның қалаға қалай тап болғанын анықтайды.