АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Миллионнан астам Android қолданушылары танымал WhatsApp мессенджерінің жаңартылған жалған нұсқасын жүктеп алған, деп жазады Motherboard.
Қосымша Play Маркетте Update WhatsApp деген атпен жүктелген, WhatsApp Inc. компаниясының атынан деп көрсетіліпті.
Fake WhatsApp Update on #GooglePlay. Under the "same" dev name. Incl. a Unicode whitespace. One Million downloadshttps://t.co/qjqxd6n6HP pic.twitter.com/dmvTksqpuP
— Nikolaos Chrysaidos (@virqdroid) 3 ноября 2017 г.
Бұл қосымшаны жүктеген қолданушылары толассыз жарнаманың астында қалып, WhatsApp және Google-да шағымдар айта бастаған.
Кейінірек қосымшаны шығарушы атауын Dual Whatsweb Update деп өзгертіп, WhatsApp белгісін де өзгертеді.