АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. АҚШ-тың Техас штатында винтовкамен қаруланған ер адам шіркеу ішінде оқ ата бастаған, деп хабарлайды РИА Новости.
Шабуыл жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да (Астана уақытымен 23:30) Сазерленд Спрингсте орналасқан "Бірінші Баптистер шіркеуінде" болған.
Атыс салдарынан 26 адам қаза тапты, олардың жасы 5 және 72 аралығында, деп мәлімдеді штат губернаторы Грег Эббот. 20 шақты адам ауруханаға жатқызылған, деп мәлімет берді штаттың қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі басқарма басшысы Фриман Мартин. Билік өкілдерінің сөзіне жүгінсек, бұл штат тарихындағы ең ірі атыс оқиғасы.
Оқ жаудырған адам өз көлігінде өлі күйінде табылған. Алайда оны кім атып өлтіргені әлі белгісіз.
"Ер адам өзін-өзі атып өлтірді ме, әлде атысқа қатысқан жергілікті тұрғын атты ма, әзірше білмейміз", — деді Мартин баспасөз мәслихаты барысында.
Губернатордың айтуынша, шабуыл жасаған ер адамның кім екені, сонымен бірге қылмыс себептері әлі анықталған жоқ. Бұдан бұрын БАҚ хабарлағандай, күдіктінің аты-жөні Девин Келли еді.