Үндістан тұрғынының ішегінен ұзындығы бес сантиметрдей шегелер шықты, деп хабарлайды РИА Новости. Ауруханаға ер адам асқазаны ауырып түскен. Дәрігерлер оның қарнын 10 сантиметрге тіліп, шегелерді магниттің көмегімен алып шықты.
Бір қызығы, осыншама темірді жұтып қойған тұрғынның ішкі органдары қатты зақымданбаған.
Белгілі болғандай, ер адам шифорениямен ауырады екен. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.