Өңірлер

Оралдың 21 жастағы тұрғыны баласын құрылыс алаңына тастап кеткеніне өкініп жүр

© AP Photo Жаңа туған сәби. Архивтегі фото
Жаңа туған сәби. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот шешімін күтіп жүрген келіншек баласын сәбилер үйінен қайтарып алуға ниеттеніп отыр

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. Оралда құрылыс алаңындағы шұңқырдан табылған баланы анасы үйіне алып кеткісі келеді, деп жазды "Мой город". 

Маусымда құрылысы жүріп жатқан үйдің жанынан күзетші жылап жатқан баланы тауып алады, оны 21 жастағы жергілікті тұрғын тастап кеткені анықталды. Әйелдің айтуынша, ол қаладағы сәбилер үйін таба алмағандықтан, баласын шұңқырға тастап кеткен.  

Сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте ішіп алған әйел жеті айлық сәбиін қайда тастап кеткенін білмейді
"Қауіпті жағдайда қалдыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда бес айлық бала сәбилер үйінде.  

"Баланы қамқоршылардың рұқсатымен анасы мен әжесі көріп тұрады. Ол (анасы – ескерт.) оны алып кеткісі келіп жүр, сот шешімін күтіп отыр", — деді сәбилер үйінің бас дәрігері  Мария Құбашева.

Білім бөліміндегі балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі  Агиис Бержанованың айтуынша, баланың әкесі ДНҚ талдау жүргізіп, өзінің ұлы екені расталса, асырап алғысы келетінін айтқан.  

Жаңалықтар
0