Қоғам

Еліміздің кей өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуТұман, күз
Тұман, күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер 4 қарашаға болжам жасады

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде найзағай ойнап, қатты жел  тұрады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі. 

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Қызылорда, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз жел күшейеді – 15-20 м/с.  

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні  23-28 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз, Жалаңашкөл ауданында түнде жел 15-22 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыс облысында 30 м/с асады.


Жаңалықтар
0