Қоғам

ҰҚК арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті

© AFP 2024 / JOHANNES EISELE нашақор, архив суреті
нашақор, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері интернет арқылы есірткі сатқан

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik.  Арнайы операция кезінде интернет арқылы есірткі мен психотроптық заттар сатқан екі қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 

"2017 жылғы 26-27 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің киберқауіпсіздік, есірткі құралдарының заңсыз айналымымен күрес және арнайы жасақ бөлімшелерінің бірлескен күшімен Астана және Алматы қалаларында кибер бөлімшелердің қатысуымен «Dark net, Deep web» ғаламтор-желілерінің көлеңкелі сегментінің мүмкіндіктерін қолдана отырып, есірткі құралдары мен психотроптық, синтетикалық заттарды таратумен айналысқан  2 ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесуге бағытталған кең ауқымды арнайы операция өткізілді", — деп жазылған комитет таратқан хабарламада. 

Есірткі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында 12 жасар қыз анасына есірткі сатуға көмектескен

Белгілі болғандай, "QIWI-кошелектерге" ақша аударылған соң сайт әкімшілері есірткі сатып алушыларға тыйым салынған заттардың жасырын орындарын хабарлап отырған.

Бұдан бөлек, жедел-іздестіру шаралары барысында бұған дейін ұсталған қылмыстық топ мүшелері — оңтүстік астананың екі тұрғынының қылмыстық байланыстары анықталды. Бұл екеуі де Алматы және Ақтөбе қалаларында осыған ұқсас жолмен есірткі мен психотроптық заттар сатқан. 2017 жылғы 3 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті оларды Алматы қаласында ұстады. Барлығы арнайы операция кезінде 12 есірткі сатушының қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесілді.

Сонымен бірге, сайттарды есірткі алу үшін пайдаланған адамдарды анықтау бойынша тиісті жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

 

 

Жаңалықтар
0