Қоғам

Еліміздің барлық облысында күн суытады – синоптиктер

Жазылу
«Қазгидромет» РМК алдағы күндердегі ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Синоптиктер 4-6 қараша аралығында Қазақстанның барлық аумағында күн суытатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады, ауа температурасы төмендейді. 

«Қазақстандағы жылы ауа райына әсер еткен оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары ақырындап батысқа, кейін солтүстік-батысқа ығысады. Солтүстік облыстарда айтарлықтай жауын-шашын әкелген оңтүстік жылы циклоны Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжиды. Бірақ республиканың шығыс және оңтүстік-шығысында осы циклонның суық ағындарының әсерінен алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Антициклоннан кейін ығысатын циклон республиканың бүкіл аумағына суық әкеледі», — делінген хабарламада.


Жаңалықтар
0