АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі ғимаратының жанында бүгін митинг өтті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Митингке шыққандардың бірі Тұрсынбек Акунның айтуынша, акцияға 70-80-ге жуық адам қатысты. Олармен елшілік өкілдері кездесті.
"Біз 5 қарашаға дейін шекарадағы проблеманы шешуді сұрадық. Олай болмаған жағдайда Қырғызстан үкіметінен ЕАЭО-дан шығу туралы мәселе көтеруді талап етеміз. Қазақ дипломаттары біздің талабымызды өз елдерінің билігіне жеткізуге уәде берді", — деп атап өтті Акун.
Митинг бір сағатқа созылды.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы қарсылық акциясы 26 қазан күні Қазақстан елшілігінің жанында өткен болатын.