АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіңнің төрағасы Кәрім Мәсімов "Нұр Отан" партиясы саяси бюросының құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Партия құрамына сәйкес бюро құрамына өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Кәрім Мәсімовтың өткен жылы қыркүйекте Ұлттық қауісіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалуына байланысты оны бюро құрамынан шығаруымыз керек", — деді Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.
"Бюро мүшесі Кәрім Мәсімов ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарады. Бұл құқық қорғау жүйесі. Партия жарғына сәйкес құқық қорғау жүйесіндегі жұмыс пен партияға мүшелікті қатар алып жүруге болмайды. Сондықтан ол бюро құрамынан шығарылды, яғни құқық қорғау органдарында қызмет еткен уақытта партия қызметімен айналыспайды", — деді отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне "Нұр Отан" партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев.