Экономика

Қазком банкроттық туралы сыбысты жоққа шығарды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевКредиттік карталар, архивтегі фото
Кредиттік карталар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазкоммерцбанк өз клиенттерін тек сенімді ақпарат көздеріне сенуге шақырды

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. "Казкоммерцбанк" АҚ мессенджерлерде тараған Қазком мен Bank RBK-ның таяуда банкрот болатыны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.  

"Бүгінгі күні Қазкоммерцбанк бұрынғы тәртіп бойынша  еш кедергісіз жұмыс істеп жатыр. Банктегі карталық, жеке, депозиттік шоттардан қолма-қол ақша алуда қандай да бір шектеу жоқ", — деп жазылған банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Ресми ақпаратта соңғы күндері Қазкоммерцбанктің банкротқа ұшырайтыны жөнінде Whatsapp арқылы таралған ақпараттың жалған екені айтылған. 

"Араңдатушылық мақсатта таратылған бұл жалған ақпарат міндетті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарастырылады. Осы ретте банк өзінің мүддесін қорғау мақсатында бұл ақпараттың көзін табу үшін құқық қорғау органдарына тиісті өтінімді жолдады. Айта кетерлік бір жайт, банктерді таңдау кезінде міндетті түрде тек ресми деректерге сену керек", — деп түйіндеді баспасөз қызметіндегілер. 


Жаңалықтар
0