Қоғам

Наркодиспансерде 29 жастағы жігітті ұрып өлтіргендер сотталды

© Sputnik / Ксения ВоронинаТатьяна Кривенко - қаза болған Николай Кривенконың анасы
Татьяна Кривенко - қаза болған Николай Кривенконың анасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицей мен оңалту орталығының қызметкерлері тәртіпке бағынбаған Николай Кривенконы тыныштандыру үшін аяусыз ұрған

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Полиция қызметкері мен медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының қызметкерлеріне сот үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Астанадағы №2 Алматы аудандық сотының залынан.  

Ішкі істер департаменті патруль қызметінің сенжанты Берік Мырзабеков он жылға,  фельдшер Саят Сатын мен мекеменің санитарлары – Фархат Қамбетов, Сұңғат Темірғалиев  сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.  

Сотталушылар ҚР ҚК 106- бабы 3-бөлімінде (байқаусызда зардап шегушінің өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қарастырылған қылмысты жасады деп танылды, сондай-ақ Мырзабеков  ҚР ҚК 362- бабы 4-бөлімі 1, 2-тармақтары (билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

«Құдайым-ай, олар әскерге жұмыс істеймін деп барды ғой. Жастарға жұмыс болса, санитар болып баратын ба еді… Не үшін, Алла тағала», — деді сотталушылардың бірінің анасы сот үкімі шыққаннан кейін. 

Осы жылдың наурызында 29 жастағы Николай Кривенко Момышұлы даңғылындағы үйдің ауласында ұсталған. Түнде полицияға белгісіз біреу тұрақтағы көліктердің шамдарын сындырып жүргені туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына келген полицейлер Кривенконы Астананың медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына жеткізеді. 

Ұсталған жігіт тәртіпке мойынсұнбай, фельдшерді ұрып жібереді. Жігітті тыныштандыру үшін полиция кіші сержанты мен орталық қызметкерлері оны соққының астына алған. Кривенко сол жерде қаза болған.  

Сарапта Николай Кривенко ұсталған кезде сау болғанын анықтады.   


Жаңалықтар
0