Видео

Оралда екі жігіт дүкенді тонаған сәт камераға түсіп қалды

Жазылу
Орал қаласының орталығында бетперде киген екі жігіт азық-түлік дүкеніне баса көктеп кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кетті.

Оқиға 1 қараша күні шамамен сағат 17:30-да болды, деп жазады өңірлік "Уральская неделя" басылымы. 

Қылмыскерлердің бірі көп ұзамай ұсталды. Ол Зеленов ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұсталған жігіттен бетперде, ақша мен пышақ тәркіленіп алынды, ол уақытша ұстау абақтысына жабылды.   

Екінші қылмыскер іздестіріліп жатыр. Ол 20 жаста екені белгілі болды.   


Жаңалықтар
0