Өңірлер

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады

АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканый басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыста кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жел  тұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Қызылорда, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.  

Павлодар облысының кей жерлерінде жел тұрады –15-20, күндіз екпіні  23-28 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз, Жалаңашкөл аумағында түнде жел 15-22 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыс бөлігінде 30 м/с асады деп болжануда.


Жаңалықтар
0