АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Арқалықта жергілікті газеттің бір саны латын графикасында жарық көрді. Бұл туралы "Рухани жаңғыру. Қостанай облысының жобалық офисі" паблигінің әкімшісі Динара Қарымсақова әлеуметтік желіде мәлімдеді.
"Арқалық хабары" газетінің мақалалары, сондай-ақ атауы жаңа қазақ әліпбиінің талаптары ескеріле отырып, латын қарпінде жазылды.