Өңірлер

Ақмола облысында ер адам жоғалып кетті

CC0 / / Ер адам жолда кетіп бара жатыр
Ер адам жолда кетіп бара жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Психикалық ауруға шалдыққан ер адам әлеуметтік мекемеде төрт жылға жуық уақыт болған

АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Ақмола облысында әлеуметтік баспанадан ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. 

Ақкөл аудандық ішкі істер бөліміне кеше «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасарынан тұрғындардың бірі жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.   

"Таңертең 1958 жылы туған мекеме пациенті, «параноидты шизофрения» диагнозы қойылған II топ мүгедегі белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмады. Ер адам орталыққа 2013 жылы келді, ал бұрын Астанадағы туыстарының үйінде тұрған", — деп хабарлады ол полицияға.

Әлеуметтік баспанада психикалық ауытқушылығы бар адамдар тұратыны анықталды. 

Жаңалықтар
0