Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жалған кәсіпорын арқылы ақша жымқырып, қазынаға 4 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген қылмыстық топты құрды деп айыпталған сотталушы Виктор Май есінен танып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Сотталушы Виктор Май ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-бөлімі, 220-бабы 3-бөлімі, 262-бабы 3-бөлімі, 245-бабы 3-бөлімі, 261- бабы 4-бөлімі бойынша кінәлі деп танылсын. Қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік билік органдарында қызмет атқару құқынан өмір бойына айырылып, 10 жылға сотталсын", — деп үкім кесті судья Людмила Побияха оқиғадан бір минут бұрын.
Сот залына "жедел жәрдем" шақырылды. Дәрігерлер сотталушыны инсульт алды деген күдікпен реанимацияға алып кетті.
Қазіргі таңда Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы орынбасарының денсаулық жағдайы белгісіз.