Экономика

ҚазАвтоӨнеркәсіп шенеуніктерге шетел көлігін сатып алуға тыйым салуды ұсынды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАвтокөліктер
Автокөліктер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан автомобиль саласының өкілдері шенеуніктерге шетелдік автокөліктерді сатып алуға тыйым салуды ұсынды

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы шенеуніктердің қызметтік көліктері бойынша мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру туралы ұсыныстар жасады, деп хабарлайды ҚазАвтоӨнеркәсіп баспасөз қызметі. 

Одақ мүшелері мемлекеттік қызметшілердің әр санаты үшін қызметтік көліктің типтік стандартын енгізген жөн деп есептейді. Бұдан бөлек, мемлекеттік мекемелерге шетелдік көліктерді сатып алуға мораторий жариялау ұсынылды. Әрі бұрын "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңға сәйкес отандық автоөндірушілерге қарастырылған жеңілдіктерді қайта қалпына келтірген абзал. 

Одақ мүшелері бұл ұсыныстарын қаржы министрлігіне жолдаған. 

Айтуларынша, биылғы жылғы тоғыз айда шетелдік көліктерді сатып алу күрт өскен. Сондықтан осындай ұсыныспен шығып отыр. 

"7,5 есеге өсті, 2016 жылы қаңтар-қыркүйекте 67 көлік болса, 2017 жылы 508-ге жетті. Жыл басынан бері мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар шетелдік көліктерді сатып алуға өз бюджеттерінен 6,7 миллиард теңге қарастырған", — дейді одақ өкілдері.

 

Жаңалықтар
0