АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік-Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей жерде тұман, көктайғақ болжанған.
Қостанай, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с соғады, тұман, көктайғақ болады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді, түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, тұман болады.
Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жел соғады деп болжанып отыр.