Өңірлер

Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Борис Ушмайкин / Медиабанкке өтужел
жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қатты жел соғып, бұршақ түседі, көктайғақ болады

АСТАНА, 1 қараша– Sputnik. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 

2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-8 м/с-ке дейін жетеді. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. 

2 қараша күндіз және 3 қараша түнде Қызылорда облысында кей жерлерде солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с болады деп болжанады.  

3-4 карашада Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарда жаңбыр жауады. Таулы аумақтарда жауған жауын-шашынның  соңы қарға ұласады.  

3 карашада оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында екпіні 30 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде найзағай, бұршақ түсуі мүмкін. Күндіз 3 карашада ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 7 градусқа дейін күрт төмендейді. 

2 қарашада Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 


Жаңалықтар
0