Өңірлер

Алматы облысында жаңа аудан құрылады

© AP Photo / Орталық коммуникациялар қызметіАлматы облысының әкімі Амандық Баталов
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа аудан "Нарынқол " деп аталатын болады

АСТАНА, 1 қараша– Sputnik, Нұргүл Абай. Алматы облысында Нарынқол ауданы құрылады. Бұл туралы Астанада өткен ОКҚ брифингінде облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Баталов қазақ тілінде жетік сөйлеуге талпынып жүргенін айтты

"Облыста жаңа аудан құрылатынын қуана хабарлаймын. Шешім қабылданып қойды. Үкіметтің қаулысы, Елбасының шешімі шыққаннан кейін қуанышты жаңалықты халыққа жеткіземіз. Ұсыныс бізден болған еді. Нарынқол әкімшілік ауданына барғанымызда, жастардың бәрі ауылды тастап кеткен, Алматыда базар маңын жағалап, жұмыссыз жүр. Осыдан кейін ол жерде Нарынқол ауданын құру туралы ұсыныс жасадық. Шекарасын бөліп, көрсетіп қойдық, тек процедуралық жұмыстар қалды. Содан кейін шешім қабылданады. Біз комиссия құрып, Нарынқолдағы мекемелерді аралап, жағдайды көріп қайттық. Келесі жылдың бюджетіне соның бәрін енгізіп, жоспарлауымыз керек", — деді әкім. 

Естеріңізге сала кетсек, осы жазда Алматы облыстық мәслиxатының отырысында ҚР Үкіметіне Алматы облысының құрамында әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын және Алматы облысы Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 гектар болатын жаңа аудан құру туралы ұсыныс берілген еді. Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жаңадан құрылған ауданға «Нарынқол» атауын беру туралы ұсыныс жіберілді.


Жаңалықтар
0