Қоғам

Sputnik Қазақстан Еуразия даму банкінің байқауында жеңіске жетті

© Sputnik / Болат ШайхиновSputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің редакциясы
Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің редакциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Байқауға 500-ден астам жұмыс түскен

Астана, 1 қараша — Sputnik. Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі және радио Еуразия даму банкінің бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткізген байқауында жеңімпаз атанды. Агенттіктің  Еуразиялық экономикалық одақ валютасы туралы материалы "Ақпарат агенттігінің үздің тақырыптық хабарламасы" номинациясында "Еуразиялық интеграция және даму — XXI ғасыр" марапатын алды. 

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Мәскеуде еуразиялық БАҚ конгресінің аясында өтті. Агенттік атынан марапатты материал авторы Sputnik Қазақстан тілшісі Ксения Воронина алды. 

Банк БАҚ арасында үшінші рет байқау өткізіп отыр. Биыл байқауға Еуразия даму банкінің қатысушы-мемлекеттерінен 583 жұмыс келіп түскен. Материалдарды сарапшылар кеңесі бағалады. 

Еуразиялық банк қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың тұрақты экономикалық өсімін және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қолғабыс ету мақсатында 2006 жылдың қаңтарында Ресей мен Қазақстан құрған халықаралық қаржы ұйымы саналады.  ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Банкке қатысушы мемлекеттердің қатарында Армения Республикасы,  Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы бар.  

Sputnik Қазақстан 2016 жылдың қыркүйегінде жұмысын бастады. Агенттіктің активтеріне қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, интернет-радио және жоғары технологиялы мультимедиялық баспасөз орталығы кіреді.
Жаңалықтар
0