Қоғам

Амандық Баталов: Ұйғыр ауданының атауы өзгертілмейді

© Photo : Ұйғыр ауданы әкімдігіАлматы облысындағы ұйғыр ауданы
Алматы облысындағы ұйғыр ауданы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыс әкімі аудан атауын өзгерту туралы мәселе көтерілген жоқ деді

АСТАНА, 1 қараша– Sputnik, Нұргүл Абай. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұйғыр ауданының атауын өзгерту жоспарда жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Павлодар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында бірнеше көшенің атауы өзгеруі мүмкін

Брифинг барысында журналистердің бірі облыс әкімінен "Ұйғыр ауданының атауын өзгерту жоспарда бар ма?" деп сұрады. 

"Ұйғыр ауданының атауын өзгерту туралы мәселе көтерілген жоқ, әзірге көтерілмейді де. Бұған байланысты қазір бірталай мәселе бар, болашақта мүмкін көтеріліп қалар. Бірақ дәл қазір ондай мәселе жоқ", — деді облыс әкімі.

Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының атауын өзгерту туралы сөз қоғамда оқтын-оқтын айтылып қалып жүр. Мәселені көтеріп жүргендердің айтуынша, бұл жердің тарихи атауы — Шарын, ұйғыр ауданы деген кеңес үкіметі таңған сөз. 

Жаңалықтар
0