Өңірлер

Шымкенттің экс-әкімі әріптестерінен кешірім сұрады

© http://primeminister.kzҒабидолла Әбдірахымов
Ғабидолла Әбдірахымов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұр Отанның" хатшысы болып тағайындалған Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентпен қоштасты

АСТАНА, 1 қараша — Sputnik. Қалалық әкімдікте Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен соңғы отырыс өтті, деп хабарлайды tvk-uko.kz. 

Күні кеше "Нұр Отанның" хатшысы болып тағайындалған Ғабидолла Әбдірахымов әріптестерімен қоштасты. 

"Мемлекеттік қызметтегі ең жақсы жылдар Шымкентте өтті. Орынбасарларыма, бөлім басшыларына, аудан әкімдеріне алғысымды білдіремін. Жұмыс барысында түрлі жағдайлар болады, егер кімде-кімді ренжітіп алсам, кешірім сұраймын. Мен барлығыңызды шын жүрегімнен құрметтеймін", — деді Әбдірахымов. 

Әкіммен бірге жұмыс істеген әріптестері де қимастық білдірді. 

Ғабидолла Әбдірахымов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды

"Сізбен өте жақсы жұмыс істедік, кеткеніңізді қаламап едік. Біз ғана емес, шымкенттіктер де сіздің қалғаныңызды қалайды. Сізді жақсы көреді және сыйлайды. Бізге көпті үйреттіңіз, нағыз команда болып жұмыс істедік. Сізге қызметіңізге сәттілік тілейміз", — деп ағынан жарылды бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Құрманбекова. 

Еске сала кетсек, Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов президенттің шешімімен "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды. Осы қызметті атқарған Зауытбек Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болды. 


Жаңалықтар
0