АСТАНА, 1 қараша— Sputnik. Сирия бойынша келесі кездесу Астанада желтоқсанның екінші жартысында өтеді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
Астанада 30-31 қазанда Сирия бойынша жетінші кездесу өтті. Министр жалпы отырыста кепілгер мемлекеттер – Иран, Ресей және Түркияның келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесін оқып берді.
"Сирия бойынша келесі жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу Астанада 2017 жылғы желтоқсанның екінші жартысында өтеді", — деп оқыды мәлімдемені Әбдірахманов.
Келіссөздерге қатысушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандық билікке Сирия қақтығысын реттеуге арналған жетінші кездесуді өткізгені үшін алғыстарын жеткізді.