Өңірлер

Ауа райы болжамы: жел күшейіп, көктайғақ болады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуауа райы
ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 1 қараша— Sputnik. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. 

Жамбыл, Ақтөбе, күндіз  Қызылорда облыстарында қатты жел соғады деп болжанып отыр.

Маңғыстау, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с екпінмен соғады. 

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күндіз жел 15-20 м/с  жылдамдықпен соғады.


Жаңалықтар
0