Өңірлер

Қарағанды облысында алты экстремист ұсталды

© AFP 2024 / Noel Celis кісен
кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Діни-экстремистік топтың үш мүшесі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Қарағанды облысында діни-экстремистік топтың алты мүшесі ұсталды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

30 қазанда полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында 22-39 жас аралығындағы алты тұрғынды қолға түсірді. Олардың үйінен діни әдебиет, техникалық құралдар, флеш-карталар мен ұялы телефондар табылып, тәркіленді. 

"Сараптама қорытындысы бойынша зерттелген материалдарда "Таблиги-Джамаат" діни-экстремистік ұйымының қызметін өңірде ұйымдастыру мақсатында адамдарды дайындау белгілері анықталды", — делінген хабарламада. 

Ұсталғандардың үшеуі уақытқа ұстау абақтысына қамалды, ал қалған үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. 

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 405-бабының екінші бөлімі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

 

Жаңалықтар
0