АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Кездесуде Данияр Ақышев Мемлекет басшысына еліміздің валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ұлттық банк төрағасы Қазақстан президентіне мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік нарығында қолайлы баға жағдайы қалыптасып отырғаны жөнінде баяндады.
Данияр Ақышевтің есебіне сәйкес, биылғы 9 айда инфляция 4,2 пайызды құрап, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 10,2 пайызға өскен.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.