Экономика

Индустрияландыру күні елімізде 18 өндіріс орны іске қосылады

© Sputnik / Болат Шайхиновзауыт
зауыт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа кәсіпорындар телекөпір аясында іске қосылады

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Индустрияландыру күні елімізде жалпы сомасы 399 миллиард теңге болатын 18 жоба іске қосылады, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек. 

"6 желтоқсанда болатын Индустрияландыру күнінде бағдарламаның биылғы қорытындысын шығарамыз. Телекөпір аясында жалпы сомасы 399 миллиард теңге болатын 18 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 26 жоба бойынша телевизиялық роликтер көрсетеміз", — деді Қасымбек үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2017 жылғы 9 айда жалпы сомасы 800 миллиард теңге болатын 52 жоба іске қосылып, 4,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылған. Жылдың соңына дейін өңірлерде жалпы сомасы 700 миллиард теңге болатын 80-нен астам жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

"Индустрияландыру бағдарламасының арқасында өңдеу өнеркәсібін инвестиция үшін тартымды жоба ретінде көрсете алдық. 7 жылда өңдеу секторына 26 миллиард АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Инвестиция саласында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 19,5%-ға өсті. Биыл саланың өсу тенденциясы сақталудаі", — деп атап өтті министр.

 

Жаңалықтар
0