Өңірлер

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді – Қазгидромет

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуауа райы
ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
31 қазан – 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 31 қазан — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Демалыс күндері кейбір облыстарда ауа температурасы 3-9ºС климаттық нормадан жоғары болды. Синоптиктердің айтуынша, Иран аймағынан Қазақстанға және Батыс Сібірге жылы ауа массаларының ығысуына байланысты күн жылынды. 

"Алдағы үш тәулікте жылы, кей жерлерде жауын-шашынды ауа-райы оңтүстік және шығыс облыстарда сақталады. Батыс және солтүстік-батыс облыстарға Ресейдің еуропалық бөлігінен ақырындап суық және дымқыл ауа массалары ығыса бастайды. Сондықтан мұнда жауын-шашын, дымқыл қар, тұман, көктайғақ болып, біртіндеп ауа температурасы төмендейді", — деп хабарлайды Қазгидромет. 

 

Жаңалықтар
0