Саясат

Иордания королі Қазақстанға келеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иордания королі Абдалла II, архив
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иордания королі  Абдалла II, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Иордания билігі екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды

АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Иордания королі Абдалла II Қазақстанға екі күндік сапармен келеді, деп хабарлады Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Азамат Бердібай. 

"Иордания королі 31 қазанда Қазақстанға келеді деп жоспарланып отыр. Ол елімізде екі күн болады", — деді Бердібай брифингте. 

Оның айтуынша, сапар барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады. 


Жаңалықтар
0