Өңірлер

Қарағандыда үш жасар бала хлор ерітіндісін ішіп қойды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуаурухана
аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш жасар қыз бала қазір ауруханада жатыр, ата-анасы ойын орталығының үстінен полицияға шағым жазды

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Үш жасар бала ойын орталығында үстелдің үстінде тұрған хлор ерітіндісін ішіп қойған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қарағандыда орталық әмбебап дүкендегі ойын орталығында ойнап жүрген үш жасар бала хлор ерітіндісін ішіп қояды. Қыздың ата-анасының айтуынша, "Белизнаны" ойын орталығының қызметкерлері балалардың үстелінде қалдырып кеткен. 

"Бала бір стақан сұйықтықты ішеді де, қатты айғайлап жібереді. Оны бірден балалар ауруханасына жеткіздік. Қызымыздың тамағы мен тілі күйіп қалған", — деді Sputnik Қазақстанға баланың әкесі. 

Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр. Ата-анасы орталықтың үстінен полицияға шағым түсірді. 


Жаңалықтар
0