АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев келесі аптада Қазан қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев.
"Қазақстан мен Татарстан арасында өте тығыз қарым-қатынас орнаған. 10 қарашада біздің президент Қазан қаласына барады, кездесуде ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады", — деді Әшімбаев мәжіліс пен мемлекеттік дума өкілдерінің кездесуінде.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен бірге 9 қарашада Челябіде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысатыны белгілі.