Оқиға

Ақмола облысында Toyota жүк көлігіне соғылып, екі адам қаза болды

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтутұман
тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші көктайғақта рөлге ие бола алмай қалып, КамАЗға соғылған

АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Астана-Бурабай тас жолында автокөлік жүк көлігіне соғылып, салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ішкі істер департаментінен. 

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Жол апаты 28 қазанда күндіз Бурабай ауданында Жасыл ауылынан бір шақырым жерде болды. 

"Toyota мінген Астана тұрғыны көктайғақта рөлге ие бола алмай, алдында тым жақын келе жатқан КамАЗ көлігіне соғылды. Алған жарақатынан Toyota көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен жанында болған 32 жастағы жолаушысы қаза тапты", — деп хабарлады полиция. 

Көлікте отырған 28 және 48 жастағы екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

"Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

 

 

Жаңалықтар
0