Саясат

Елші: Ресей латынға көшу туралы Қазақстанның шешімін құрметтейді

© REUTERS / Shamil Zhumatov/Illustrationжаңа қазақ әліпбиі
жаңа қазақ әліпбиі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің Қазақстандағы елшісі латын әліпбиіне қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Қазақстанның қазақ тілін латынға көшіру туралы шешіміне құрметпен және түсіністікпен қарайды, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников. 

латын әліпбиі, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Jan'a a'lipbi' bekitildi. Латын әліпбиінде жаңалықтар енді қалай жазылады?

Елші Қазақстанның орыс тіліне ресми мәртебе берген елдердің бірі екенін атап өтті. 

"Ресей егемен Қазақстанның мемлекеттік тілді латынға көшіру туралы шешіміне құрметпен мен түсіністікпен қарайды. Бұл ретте президент Нұрсұлтан Назарбаевтың және өзге ҚР ресми тұлғаларының сөзіне сенсек, орыс тілі өзінің орнын сақтайды, ал мектептерде орыс тілінде және орыс тілін оқыту жалғасады. Өйткені Қазақстан азаматтарының орыс тілін білуі республика басшылығы тарапынан маңызды мәдени мұра ретінде қарастырылады", — деді Бочарников мәжіліс пен мемлекеттік дума өкілдерінің кездесуінде. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

Енді үкімет қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрады. Сонымен қатар қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді. 



Жаңалықтар
0