АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (ИАТА) Астана қаласы әуежайының жаңа атауын "Nursultan Nazarbayev" деп бекітті, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
"ҚР Инвестициялар және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (ИАТА) жүргізген жұмысының нәтижесінде Астана қаласы әуежайының жаңа атауы ИАТА ресми сайтында "Nursultan Nazarbayev" деп көрсетілді. Әуежайдың жаңа атауы биыл 1 қарашадан бастап ИATA-ның ай сайынғы ресми бюллетенінде жарияланады. Содан кейін ғаламдық әуе билеттерін брондау жүйелерінің жеткізушілері (Amadeus, SITA) осы ақпаратты кейінгі сатылымдық желілерде де, билеттерде де көрсету үшін тиісті өзгерістер енгізілуі тиіс. Осылайша, алдағы уақытта әуежайдың жаңа "Nursultan Nazarbayev" атауы Астанаға бағытталған және Астанадан шығатын жолаушылардың әуе билеттерінде көрсетілетін болады", — деп хабарлады комитет.
Сонымен қатар, "TSE" үш әріптік кодын өзгерту туралы мәселе қарастырылып жатыр.
Еске сала кетсек, 2017 жылғы 20 маусымда үкімет қаулысымен Астана халықаралық әуежайы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" деп өзгертілді.